Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі ұзарды

Танымал

Ел аузында

Бұрынғы мәдениет министрі, Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Еске салайық, Арыстанбек Мұхамедиұлы биыл мамырдан бері қамауда.

«2022 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы А.-ға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты», – деді Астана сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, ҚР Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда алғаш рет қимыл-тірек жүйесінің сирек кездесетін кемістіктеріне шалдыққан балаларға бірегей оталар жасалды

Алматыдағы №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы емдеу процесіне жаңа үрдістерді тұрақты түрде енгізіп отырады. Сөзімізге қазанның 13 мен 16...