Полицейлер туысының бағалы тонын ұрлаған әйелді анықтады

Танымал

Ел аузында

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Онда жәбірленуші әйел үйінде тұрған бағалы тоны ұрланғанын хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 750 мың теңге. Аталған оқиғаны полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Ақпарат алған бойда тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға жетті. Жедел-тергеу тобы құрылып, сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тонды ұрлаған күдікті жәбірленушінің туыс келіні болып шықты.

Анықталғандай, жас әйел ақша қажет болған соң, туысының тонын ұрлап, ломбардқа өткізген. Алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Ұрланған тон айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...