Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Сырдария суы неге сарқылды? Министрлік мәлімдемесі…

Танымал

Ел аузында

Экология министрлігі Қызылорда облысында Сырдария өзенінің суы неге тартылып қалғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қызылорда облысындағы экологиялық жағдай Арал-Сырдария бассейнінің суына байланысты екенін және судың төмен айналымы 2019 жылдан бері жалғасып келе жатқанын түсіндірді.

«Сырдария өзенінің суы Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның су шаруашылығы қызметіне және Қырғызстандағы Тоқтоғұл суқоймасында су жиналуына байланысты анықталады. Биыл Тоқтоғұл суқоймасында жиналған су көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 5 миллиард текше метрге аз. Вегетациялық кезеңнің басында шамамен 15 миллиард текше метр су жиналса, қалыпты саналады. Бірақ 1 сәуірдегі жағдай бойынша суқоймасында 8,7 миллиард қана болған, бұл 2020 жылға қарағанда 2,9 миллиардқа аз», – деп хабарлады министрлікте.

Тоқтоғұл су қоймасы Нарын-Сырдария су қоймаларының құрамына кіреді. Сондай-ақ, қазір су қоймасы энергетикалық режимге көшкені, Түркістан облысындағы Сырдария өзенінің бойында орналасқан Шардара су қоймасына түсу вегетациялық кезеңде азаятыны және вегетациялық аралық кезеңде артатыны түсіндірілді.

«Осыған орай Шардара суқоймасын ағызу мен толтыру режимі Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан суқоймаларының жұмыс режиміне және көрші елдердегі су жағдайына байланысты болады.

Шардара суқоймасы толтыру режимінде жұмыс істейді. Резервуардан суды ағызу секундына 50 текше метр ағынмен жүзеге асады, кіріс секундына 140 текше метр», – деп хабарлады Экология министрлігінде.

Тәжікстан мен Өзбекстанда вегетациялық кезең биыл қазанның соңына дейін созылады. Сондықтан Шардара су қоймасына судың келуі мен Сырдария өзенінің төменгі ағысына су ағызу көлемінің ұлғаюы туралы мәселе қарашада болатын Мемлекетаралық су үйлестіру комиссиясының 81-отырысында қаралады. Олар Сырдария өзені бассейнінде 2021 жылдың вегетациялық кезеңінің қорытындысын шығарып, мемлекеттердің су алу шегін, 2021-2022 жылдардағы вегетациялық емес маусымда Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының болжамды жұмыс режимін келіседі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...