Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Қазақстандық жаңа вакцина адамдарға сыналып басталады

Танымал

Ел аузында

Отандық QazCoVac-P вакцинасының өндірушілері клиникалық зерттеулердің екінші кезеңі басталғанын мәлімдеді. Коронавирусқа қарсы жаңа препарат Ғылыми зерттеу институтында жасалған. Маусым айында ғалымдар зерттеудің бірінші кезеңін бастаған болатын, деп хабарлайды «КТК» арнасы.

 

Сынаққа 200 адам қатысып, препараттың иммуногендігі мен қауіпсзідігі тексеріледі. Бұл вакцина жеңілірек қабылданады деп жоспарланған. Ғылыми зерттеу институтының ғалымдары тағы екі векторлық препараттың жасалып жатқанын айтады. Ал дельта штаммының негізінде жасалған QazVac вакцинасының жаңартылған нұсқасы дайын болған. Енді қауіпсіздігі дәлелденсе, вакцинаны шығаруды бастамақшы.

Жаңа өндіріске үкімет қызығушылық білдірген. Келесі жылдан бастап тегін екпелерде тек отандық препараттар қолданылады. Сонымен қатар өндірушілер қайта иммунизацияны екі компонентпен жүргізуге кеңес береді.

«Қайта вакцинациялауға таңдалған кез келген вакцина тиімді болады. Егер өндіруші иммундық жауап жақсы болу үшін екі компоненті алу керек десе, сіз екі компонентті де аласыз. QazVac вакцинасы үшін де солай», – деді Ғылыми зерттеу институның биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі зертхана меңгерушісі Нәрика Асанжанова. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...