Сондай-ақ тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
«Қазгидромет» РМК 11 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Түнде Алматы облысының таулы және тау етегінде орналасқан елді мекендерде қатты қар жауады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Алматы қаласында кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.
Түнде Атырау облысында 30 градус қатты аяз күтіледі.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде 40-41 градус қатты аяз болжанады.
Түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты аяз болады.
Түнде және таңертең Түркістан облысының тауларында мол қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарда тұман, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Шымкент қаласында кей уақытта тұман күтіледі.
Түнде Маңғыстау облысында 25 градус қатты аяз күтіледі.
12-13 қаңтардағы ауа райы болжамы:
12 қаңтарда түнде Қарағанды облысының басым бөлігінде 40-41 градус қатты аяз күтіледі.
12 қаңтарда түнде Улытау облысының шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.
12-13 қаңтарда түнде Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-31 градус қатты аяз күтіледі.
12-13 қаңтарда түнде Жетісу, Алматы облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-33 градус қатты аяз күтіледі.