Полицейлер құжатсыз көлік басқарған жүргізушіні жауапқа тартты

Танымал

Ел аузында

Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде "Лада Гранта" жүргізушісі көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан көлік тізгіндегені анықталды.                 
Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Анықталғандай, бұл жүргізуші 2021 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған.                                
     Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жүргізуші куәлігінсіз, сондай-ақ  мас халде көлік жүргізбеуге кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR представляет HONOR X9e Pro: смартфон, готовый к самым непредсказуемым сценариям

Повышенная прочность, аккумулятор 11 000 мА·ч, AI-функции для детализированной съёмки и дисплей с пиковой яркостью до 10 000 нит...