Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18.8 C
Nur-Sultan
25.9 C
Almaty
32.7 C
Shymkent

«Жүргізуші куәлігін жасап беремін» деп танысын алдаған жас жігіт анықталды

Танымал

Ел аузында

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяққа алданғанын хабарлап, шағым түсірді. Жас жігіттің айтуынша, оған танысы жүргізуші куәлігін тез арада істеп бере алатынын айтып, әбден сендірген. Осыдан соң ол танысына 150 000 теңге берген. Алайда арадан 1 айға жуық уақыт өтсе де, жәбірленуші не ақшасын, не куәлікті ала алмайды. Содан кейін полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.
Полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар жергілікті тұрғын, жас жігіт анықталды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Белгілі болғандай, күдікті жас жігіт жәбірленушінің ақшасын алып, бас пайдасына жаратып жіберген.
Түркістан облысының полицейлері ескертеді, кез келген адамның күмәнді ұсынысын қабыл алмаңыздар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Егіз қыздардың ерекше оқиғасы: IQanat кәсіпкері олардың жұбы жазылмауына қалай көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында туған егіз қыздар. Олардың екеуі де ауыл балаларына тегін білім...