Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
22.3 C
Shymkent

Түркияда 7 күндік аза тұту күні жарияланды

Танымал

Ел аузында

Түркияда жер сілкінісіне байланысты жеті күндік аза тұту күні жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

«6 ақпанда болған жер сілкінісіне байланысты Түркияда жеті күндік аза тұту жарияланды», – деді ел президенті Режеп Тайып Ердоған.

Оның айтуынша, аза тұту жариялануына байланысты Түркия бойынша және елдің шетелдегі өкілдіктерінде мемлекеттік тулар жексенбі, 12 ақпанда күн батқанға дейін төмен түсіріледі.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 3800-ден асты. Түркияда дүйсенбі күні кешке 2379 адам қаза тауып, 14 483 адам зардап шекті. Сирияда кем дегенде 1444 адам қайтыс болды, 3530 адам зардап шекті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...