Алматы облысының медицина қызметкерлері қайырымдылық акциясын бастады

Танымал

Ел аузында

Алматы облысы Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының медицина қызметкерлері «Шын жүректен» қайырымдылық акциясын бастады.
Аурухана директоры Малғаждаров Маулен Сансызбайұлының бастамасымен «Қарасай ана жүрегі» қоғамдық қорының қолдауымен аудандағы 45 көпбалалы отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Қажетті азық-түлік, отын-көмірмен қамтамасыз етілген отбасылар акцияны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

-Бүгінгі күні көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек беруді қолға алдық. Бұл бастамаға медицина қызметкерлері мен «Қарасай ана жүрегі» қоғамдық қорының өкілдері бірден қолдау танытты. Әсіресе, қыс мезгілінде отын-көмірге мұқтаж отбасылар бар. Сондықтан бұл бастама басқа да аудандарда жалғасын табады деп ойлаймын, – деді Маулен Сансызбайұлы.

Айта кетсек, Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының медицина қызметкерлері қайырымдылық акциясын үш ай сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қысқа сөзге сыйған терең мағына: Нақыл сөздер жинағы жарық көрді

Жақында оқырман қауымға автор Динара Бердімұраттың нақыл сөздер жинағы жол тартты. Еңбек, адалдық, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарын арқау еткен...