Jusan Bank Қазақстанға Jusan тобын бақылауды қайтару ниеті туралы Бас прокуратураның мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Jusan Bank баспасөз қызметінің мәліметінше, банк әдеттегідей жұмысын жалғастырып жатыр, клиенттер алдындағы барлық міндеттемелер орындалды.
«Қазақстан Республикасына активтерді қайтару тақырыбы бойынша көптеген қате пікірлер мен болжамдарға жауап ретінде олардың банктің өзіне тікелей қатысы жоқ екенін атап өткен жөн. Банк және онымен байланысты барлық активтер Қазақстанда орналасып, экономиканың игілігі үшін жұмыс істеп жатыр, жұмыс істейді», – делінген хабарламада.