Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

29 390 жеке тұлғаның 2 млрд.теңге берешегі бар

Танымал

Ел аузында

Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша көлік құралдары бойынша салыққа 29 390 жеке тұлғаның 2 млрд.теңге берешегі бар.
2022 жылы Жеке сот орындаушыларына 1,3 млрд.теңгеге 41 217 салықтық бұйрық шығарылып жіберілді. Жеке сот орындаушылармен мәжбүрлі түрде 623,2 млн. теңге өңдірілді.

Әкімшілендіру жұмыстарының нәтижесінде, өткен жылдардағы қарызы бар жеке тұлғаларды қоса алғанда 159 063 жеке тұлғадан 2,7 млрд.теңге салық өндірілді. Қазіргі уақытта осы бағытта заңға сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алу жұмыстары сот орындаушыларымен бірлесіп жалғасуда.
Жыл басынан Алматы облысының Ішкі Істер департменті және Алматы облысы бойынша Жеке сот орындаушылар палатасымен бірлескен салықтық берешегі бар борышкерлер бойынша 93 рейдтік іс-шара жүргізіліп, 77 салықтық берешегі бар борышкерлер бойынша мемлекеттік бюджетке 16,3 млн. теңге өңдірілді.
Облыс бойынша 2022 жыл үшін, 2023 жылы 285 821 жеке тұлғалардың 444 246 автокөліктеріне 7,3 млрд.теңге салық есептелді. Жеңілдіктері бар адамдардың көлік құралдар саны 12 747, сомасы 277,3 млн. тенге. Жеке шаруа қожалығының көлік құралдары 15 989, сомасы 351,2 млн. тенге.
2022 жылы Алматы облысы бойынша жергілікті бюджетке жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салықтан 6,2 млрд теңге түсті.

Құрметті салық төлеушілер!
Сіздердің назарларыңызға!!
Көлік құралдары бойынша салыққа берешектеріңізді кешіктірмей төлеуге шақырамыз!
Сіздерде қарыз туындаған кезде салықтық берешекті төлемеген жағдайда, арнайы хабарлама жіберіледі. Хабарлама жіберілген соң, 30 жұмыс күнінің ішінде төлемесеңіздер, салықтық бұйрық шығарылып, Сіздерге жіберіледі. Егер де салықтық бұйрықты алған соң 5 жұмыс күнінің ішінде төлемеген жағдайда, Жеке сот орындаушыларына жібереміз.
Сот орындаушылары банк есеп – шоттарын бұғаттап, жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріңізге шектеу қояды. Салық берешегі 40 АЕК асқан кезде ҚР-нан шығуға шектеу қойылады.
Содан соң, көлік құралдарын айып тұрағына апару туралы шешім шығарады.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...