Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-15 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Мирас Жүгінісов Желіде тараған қауесетке жауап берді

Танымал

Ел аузында

Желіде танымал әнші Мирас Жүгінісов пен Назима арасында сезім бар деген ақпарат тарады. Әнші бұл қауесетке жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған видеода Мирас Жүгінісовтің әуежай алдында гүлшоқпен тұрғаны, «сүйіктімді күтіп алуға келдім» деп жазғаны, кейін осыған ұқсас гүлді Назима Stories-іне салғаны көрсетілген. Мирас Жүгінісов кейінгі Stories-інде «сүйіктісі» анасы екенін жазған. 

Бұл туралы ол TikTok-парақшасында бөлісті. 

«Feat (бір орындаушының өзге орындаушымен бірге ән жазуы – еск.) жазуға қорқатын болдық қой. Мен Stories-тегі гүлді анама бердім. Ал Назиманың Stories-індегі гүлді ауызашарға барғанда бергенбіз», – деп жазған өнер иесі. 

Желі қолданушылары бұл қауесетке сенбегенін айтып, пікір жазған. 

«Адамдар неше түрліні шығарады», «Қазір адамдар бір қадамды да басқаша етіп тарататын болған», «Әйтеуір бір жаңалық керек қой», «Гүлшоқтары түрлі ғой», «Ақталып отырғанын айтыңдаршы», – деп жазған олар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...