Күйеуі рұқсат бермесе, әйелі ораза ұстай ала ма? Бұл сұраққа Рамазан айына арналған подкаст жобасында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Әйел адам күйеуіне бойсұнуға міндетті. Сол сияқты балалар да өзінің ата-анасын құрметтеуге, бойсұнуға шариғатымызда бұйырылған. Енді оразаның өзі парыз, нәпіл (қосымша) болып бөлінеді. Нәпіл оразаны әйел адам негізі күйеуінің рұқсатымен ұстау керек. Яғни, күйеуінен рұқсат сұрап барып, кейін ұстау керек. Ол жайында Пайғамбарымыздың хадистері де бар. Ал енді парыз ораза Алла тағаланың бұйрығы болғандықтан, бұл уақытта әйел адам күйеуі тұтпа десе де ұстайды, яғни ол ораза болсын, намаз болсын, бұл Алла тағаланың парызы. Біреудің қарсы болуымен ол парыз жойылмайды, ол парыз болып тұрады. Сондықтан да бұл уақытта жақсы мәміле қылып, күйеуіне жақсы түсіндіріп, ол әйел адам өзінің парыз болған оразасын ұстай береді», – деді маман.
Оқушыларға ораза ұстауға бола ма? Бас мүфтидің жауабын оқыңыз.
Биыл Ораза 23 наурызда басталды. Ораза 2023 кестесін мына жерден көре аласыздар.
Еске салайық, бұған дейін биылғы пітір садақа мөлшері белгіленгені хабарланған болатын. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.