Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Түркістандық диқандар егін науқанында дизель таппай сенделіп жүр

Танымал

Ел аузында

Жергілікті әкімдік мәселе бірер күнде шешімін табатынына сендіріп отыр.

Түркістан облысында автогаз бен дизель отыны тапшы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өңірдегі көптеген жанармай құю бекеттерінде газ жоқ. Ал, жұмыс істеп тұрған, газ қоры бар бекеттерде жүргізушілер кезекке тұруға мәжбүр. Онда да тек арнайы шектеулермен сатылып жатыр. Әсіресе, егін науқаны басталған тұста дизель тапшылығы диқандарды тығырыққа тіреді.

Жергілікті әкімдік мәселе бірер күнде шешімін табатынына сендіріп отыр. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Қуаныш Өмірәлиевтің сөзінше,  Ақтөбеден 2 мың тонна газ тиелген көліктер жолға шыққан. Ертең Түркістанға жетуі тиіс. Ал, қалғаны жөндеу жұмыстарынан өткен ШНОС арқылы берілмек.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Созақ ауданында «Учаске» профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

2025 жылғы 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында Созақ ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету...