Полицейлер бірнеше көліктің құрылғыларын ұрлаған күдіктіні ұстады

Танымал

Ел аузында

    Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, күндізгі  уақытта белгісіз біреу оның «Ауди» маркалы автокөлігінен магнитоланы жымқырып, мүліктік зиян келтірген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188 -бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. 

Оқиға орнына дереу шыққан жедел-тергеу тобы ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті іздестіру шараларын жүзеге асырды. Нәтижесінде күдікті ер адам, яғни жергілікті тұрғыны болып шықты.
Тексеру барысында жас жігіттің 12 ұрлық жайтына қатыстылығы анықталды. Осы уақытқа дейін бірнеше көліктердің құрылғыларын тонап, сатып пайда көрмекші болған ұрының жымысқы әрекеттері тәртіп сақшыларының тыңғылықты тексерісінің арқасында жүзеге аспай қалған.
Ал, тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде ұрланған құрылғыларды тәркілеп, заңды иелеріне қайтарды.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...