Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Respublica-ның депутаттары еліміздің қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының мәселелерін талқылады

Танымал

Ел аузында

Партия депутаттары елдің қорғаныс – өнеркәсіп кешені (ҚӨК) құрылымындағы ірі машина жасау Холдингі-«Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компаниясының өкілдерімен кездесуге бастамашы болды.
Кездесуге Respublica депутаты Руслан Берденовтың Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындарынан қабылдаған өтініші себеп болған. Өтініш жіберген азаматтар оқ-дәрілерді кәдеге жарату жөніндегі кәсіпорынның күрделі қаржылық жағдайы және тапсырыстардың болмауына байланысты қарапайым кәсіпорындардағы мәжбүрлі жұмыс түрі туралы хабарлады.

Бұл жағдайды елордамызда Айдарбек Қожаназаров, Руслан Берденов және Олжас Құспеков Ұлттық компанияның Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахмановпен және оның басқарушы директоры Сұлтан Сейсенғалиевпен бірге талқылады.
Холдинг өкілдері кәсіпорынның қызметі мен өндіретін өнімі туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ олар кәсіпорындардың өндірістік нәтижелеріне әсер ететін саладағы мәселелер туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Ұлттық компания бүгінде еліміздегі импортты алмастырудың тиімді жүйесін құруға ерекше назар аударып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда қорғаныс-өнеркәсіп кешенін нығайту және дамыту үшін қажетті қосалқы бөлшектердің өз өндірісін жолға қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда, тапсырманың ауқымдылығына байланысты бұл ұзақ уақытты талап етеді. Сондай-ақ тапсырыс берушілермен 5 немесе одан да көп жылға ұзақмерзімді әрі тұрақты келісімшарт қажет. Қазіргі уақытта Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс туралы Заң келісімшарттардың мерзімін шектеп отыр. (22-бап).
Спикерлер салалық проблемаларды шешу және өткізу нарықтарын кеңейту үшін кәсіпорындар мемлекеттік органдармен, оның ішінде өкілді және заң шығарушы билік органдарымен тығыз бірлесе әрекет етуі қажет екенін жеткізді.

«Біз мемлекеттік және жеке қорғаныс зауыттарымен ашық диалог жүргізуге ниеттіміз. Нормативтік-құқықтық базаны, заңдар мен ережелерді жетілдіру арқылы біз өнеркәсіптің дамуын ынталандырып, елімізде құндылық орнатуымыз керек. Көптеген зауыттар тапсырыстардың болмауына байланысты мәселелерге тап болады, тапсырыс беруші – күштік ведомстволармен ашық диалог қажет», – деп атап өтті депутаттар.

Осыған байланысты, кездесудегі негізгі мәселелердің бірі – VIII сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттарымен тиімді диалог алаңын құру барысын талқылау болды.
Естеріңізге сала кетейік, Respublica партиясының басты миссиясы – мемлекеттік басқару жүйесінде қазақстандық кәсіпкерлердің мүдделерін шоғырландыруға және ұсынуға арналған саяси күш қалыптастыру.

Партия бағдарламасы әр қазақстандыңтың түрлі салалардағы құрылымдық өзгерістеріне бағытталған. Бірақ бірінші кезекте кәсіпкерлерді қолдау маңызыды.
Respublica партиясы 2023 жылғы 19 наурызда өткен сайлау қорытындысы бойынша халықтың 8,59% дауысын жинап, VIII сайланған Мәжіліс депутаттарының алты мандатына ие болды. Партиялық тізім бойынша Respublicaлықтар атынан Айдарбек Қожаназаров, Руслан Берденов, Динара Шүкіжанова, Динара Наумова, Нұргүл Тау және Олжас Құспеков депутат атанды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...