Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Депутат Жигули Дайрабаев ұлдарына қатысты даудан кейін мандатын тапсыра ма? «Ауыл» фракциясы мүшесі жауап берді

Танымал

Ел аузында

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары 550 миллионнан аса қаржы жымқырған деген айыппен сотталған еді. Енді ол мандатын тапсыра ма? Бұл сұраққа «Ауыл» фракциясының мүшесі, депутат Анас Баққожаев жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс алаңында журналистердің сұрақтарына жауап берген Баққожаев бұл іске Жигули Дайрабаевтың қатысы жоғын айтты.

«Ол депутаттық мандатын тапсырмайды. Мен фракциясының мәлімдемесін айтайын. Біз оған ешқандай мін таға алмаймыз», – деді Анас Баққожаев.

Журналист Анас Баққожаевтан «Жигули Дайрабаевтың балалары сотталғанда, оның Мәжілісте отырағаны қаншалықты орынды?» деген сұрақ қойды. 

«Біріншіден, оның жеке басына қатысты істе (қылмыстық – еск.) айтылмаған. Екіншіден, оның балалары – ересек азаматтар. Олар (өз істеріне – еск.) өздері жауап беруі керек. Олар ауыл шаруашылығымен өмір бойы айналысып келе жатыр. Тәуекелдің барын біледі. Өздерін қорғап, өздері жауапты болуы керек», – деп жауап берді фракция мүшесі. 

Баққожаев журналистердің өтініші бойынша Дайрабаевқа телефон шалды. Бірақ ол қоңырауға жауап бермеді.

Еске салайық, Мәжіліске «Ауыл» партиясынан сайланған Жигули Дайрабаевтың екі ұлы Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық 550 миллион теңгеден аса субсидия қаржысын жымқыру туралы іс бойынша шартты мерзімдер алды. Бұл ақпаратты Жамбыл облыстық сотының судьясы Ғалым Күлекеев растады. Сондай-ақ, осы жайтқа қатысты депутат Жигули Дайрабаев пікір білдірген еді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...