Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

16.1 C
Nur-Sultan
18.5 C
Almaty
23.7 C
Shymkent

Полицейлер аккумулятор ұрлаған күдікті ер адамды анықтады

Танымал

Ел аузында

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, өзінің үйінің алдында тұрған «Ваз 2107» маркалы автокөліктің аккумуляторын ұрланғаны жөнінде хабарлаған. Аталған жайт ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.
Полицейлер қылмыстың «ізін суытпай» ашу мақсатында қажетті іс-шараларды жүргізді. Жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орындары мұқият тексерілді. Жақын аймақтарды аралап шықты. Нәтижесінде тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде күдікті, Бәйдібек ауданының тұрғыны екенін анықтады.
Белгілі болғандай, жас жігіт таңғы уақытта көліктің бойынан өтіп бара жатып, аяқасты ойы өзгерген. Көлік ішінен аккумуляторды ұрлап, оқиға орнынан ізін суытқан. Полицейлер аталмыш аккумуляторды айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда күдікті осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ТО ПД баспасөз-қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт алаңы ашылды

2025 жылғы 13 тамызда «Жерұйық» саябағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы...