Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

2 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Генерал Күдебаев Бішкектен Ыстамбұлға ұшып кеткен – Бас прокуратура

Танымал

Ел аузында

Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев қашқын полиция генералы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің маңыздылығын ескере отырып, істі Бас прокуратура өз бақылауына алды. Іздеу жұмыстарына ең тәжірибелі қызметкерлер тартылған. Қырғызстанға сұраныс жібердік, енді бірлескен іздестіру шараларын жүргіземіз. Қырғызстандық әріптестеріміздің мәліметінше, Күдебаев оларға жетіп, Манас әуежайы арқылы Ыстамбұлға ұшып кеткен. Олар бұл ақпаратты қазір беріп жатыр. Түркиямен келісіміміз бар, қазір олармен жұмыс істеп жатырмыз. Біз барлық ақпаратты бере алмаймыз, адам қашып жүргендіктен, бұл тергеуге зиян тигізуі мүмкін», – деді Өмірәлиев журналистерге.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болған еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Детектив жанрының басты қолдаушысы – сот ұжымы

«Заң» Медиа-корпорациясының» тікелей ұйымдастыруымен қолға алынған Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив шығармалар байқауы сегізінші белесін бағындырды. Биылғы байқау жүлдегерлері қасиетті Тараз...