Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

30 C
Nur-Sultan
26.4 C
Almaty
34 C
Shymkent

Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында тренингке қатысты

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы Полиция департаментінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық – адам құқықтарын бұзу» тақырыбында ұйымдастырылған тренингке қатысты.

Екі тәулікке жоспарланған іс-шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның қоғамға әсері мен зардап шеккендерге көмек көрсету механизмдері түсіндіріліп, зерттелді. Яғни қатысушылармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың күрделі динамикасын түсінуге, оның жолын кесудің озық практикалық дағдыларын дамытуға көмектесетін дәрістер, интерактивті ойындар және топтық жұмыс атқарылды.

Тренинг барысында барлық қатысушылар қызығушылық танытып, белсенділік танытты.

Жалпы полицейлерге бұл тренингте алған білімдері Түркістан облысының тұрғындары үшін қауіпсіз жағдай жасауға көмектеспек. Ең бастысы тәртіп сақшылары тарапынан зорлық-зомбылыққа жол бермеу жұмысы одан әрі жандана береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Кибералаяқтық бақылауда: полиция форумы 1000-нан астам адамды жинады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру негізінде Түркістан облысы Полиция департаменті мен облыс прокуратурасының...