Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-1 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

«Денсаулығым күн сайын нашарлап бара жатыр». Мұхамедиұлы соттан үйқамаққа ауыстыруды сұрады

Танымал

Ел аузында

Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы соттан бұлтартпау шарасын өзгертуді және оны үй қамаққа жіберуді сұрады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. 

Сотта Мұхамедиұлы негізгі сот талқылауы алдын ала тыңдаусыз басталғанын атап өтті.

«Конституцияны бұзбау үшін біз алдымен алдын ала тыңдауды бастағанымыз жөн, содан кейін негізгі сот талқылауына көшкеніміз жөн. Біз бірнеше күн бұрын екінші рет ота жасатқаныма байланысты үй қамағына алу үшін бірнеше өтініш жасадық, денсаулығым күн сайын нашарлап бара жатыр», – деді Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар, Арыстанбек Мұхамедиұлы соттан бұл істі қарауды тоқтатуды сұрады, себебі ол өз кінәсін мойындамаған.

Еске салайық, Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр. 

Сот отырысы Байқоңыр аудандық №2 сотында өтіп жатыр. Істі судья Бағлан Ыдырысов қарайды. Арыстанбек Мұхамедиұлы сот отырысына №64 мекемеден онлайн режимде қатысып жатыр. 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/81761

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда «Жарқын Болашақ» бағдарламасы бойынша 200-ден аса маңғыстаулық жас білім алып жатыр

Маңғыстау облысы жастарының әлеуетін арттыруға бағытталған «Жарқын Болашақ» бағдарламасы» еліміздегі ең маңызды білім беру бастамаларының біріне айналды. Бүгінде бағдарлама...