Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25.3 C
Nur-Sultan
22.7 C
Almaty
27.6 C
Shymkent

Нұрлан Әбдірахым Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Нұрлан Әбдірахым Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алматы облысы әкімінің өкіміммен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Нұрлан Ерғалиұлы Әбдірахым Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Нұрлан Ерғалиұлы 1980 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2001 жылы «Қайнар» университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі «Саясаттану» мамандығы бойынша әлеуметтік білім магистрі академиялық дәрежесін алған.

Еңбек жолын 1999 жылы «Джакубаев Д.М.» ЖК аға заңгері болып бастаған.

Әр жылдары «Астанаэнергосервис» ААҚ тұтынушылармен жұмыс жөніндегі қызметтің жеке тұлғаларға қызмет көрсету бөлімінің №2 абоненттік учаскесінің бақылаушысы, «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ЖАҚ тағылымдамашысы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, директорының орынбасары, Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің директоры, Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры, Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Әділет министрі кеңесшісінің міндетін атқарушысы болып қызмет атқарған.

2012-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымдарын атқарды.

2021 жылдың мамыр айынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

«Құрмет» орденінің иегері.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...