Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19.9 C
Nur-Sultan
20.8 C
Almaty
30 C
Shymkent

Алакөлде 124 миллион теңге тұратын жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды – прокуратура

Танымал

Ел аузында

Прокуратура органдарының басты мақсаттарының бірі пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекетке қайтару.
Алакөл ауданы прокуратурасымен пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекетке қайтару мақсатында бір қатар нәтижелі жұмыстар жасалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алакөл ауданы прокуратурасымен пайдаланылмайтын жерлерді қайтару бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, прокурорлық қадағалау актісін енгізілді.

Нәтижесінде, ауылшаруашылығы және коммерциялық мақсатындағы құны 124 703 325 теңге тұратын 13 720 гектар жер телімі сот шешімімен мемлекет жер қорына қайтарылды.

«Қазіргі таңда, осы бағытта Алакөл ауданы прокуратурасымен пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтару мақсатында жұмыстар жалғасып жатыр», – деді аудан прокурорының орынбасары Қ. Нұрсаметов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт алаңы ашылды

2025 жылғы 13 тамызда «Жерұйық» саябағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы...