Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2.1 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
8.7 C
Shymkent

«Подъезде сөз салды». Бағлан Әбдірайымовтың жары қызық естелігін бөлісті

Танымал

Ел аузында

Танымал әнші Бағлан Әбдірайымовтың жары өзіне қалай сөз салғанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Бұл туралы ол «Хабар» арнасының «Алғашқы» бағдарламасында Аман Тасығанға берген сұхбатында бөлісті. 

Әнші жары Роза Айтпаевамен мектеп қабырғасынан таныс. Роза Айтпаева өнер иесінің қарындасымен бір сыныпта оқыған. Олар бір жиында кездескен. 

«Сол кезде ресми түрде танысқан жоқпыз. Бір баланың домбыра шерткені есімде, ол Бағлан болғанын кейін білдім. Олар «Жігіттер» тобы»болып көтерілгеннен кейін қуаныштарда, тойларда кездесетінбіз. Сәлеміміз тұзу. Ол күнде таңда маған жазып тұратын. Астанаға келгенде маған хабарласатын, 4 жігітпен бірге тамақтанатынбыз. Менің ойымда ештеңе жоқ, дос ретінде араласып жүрдім», – деп еске алды Роза Айтпаева.

Сондай-ақ, әншінің жары Бағлан Әбдірайымов қалай сөз салғанын айтты. 

«Маған қалай сөз салғанын айтсам, бәрі күледі. «Жігіттер» тобымен кешке тамақтандық, сосын Бағлан мені үйге әкеліп тастады. Бәрі Бағланды көлікте күтіп отыр, біз екеуміз подъезде сөйлесіп тұрмыз. Бір кезде «маған тұрмысқа шығасың ба?» деп тұр. Жаурағаннан үйге кіргім келіп тұр, подъездің іші суық. «Жарайды, сосын ойланайыншы» деп сасып қалдым. Тамызда ұзатылдым, үлкен той қазанда болды», – дейді өнер иесінің жары. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...