Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік татуласты ма? Желіде шахматшылардың бірге тұрған видеосы тарады

Танымал

Ел аузында

Қазақстандық шахматшылар Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік жанжалдан кейін татуласқан сияқты, – деп хабарлайды Tengri Sport.

Наурыздың аяғында қазақ спортшыларының арасында жанжал пайда болды. Бибісара Асаубаева Instagram әлеуметтік желісінде халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлікті өзімшіл деп пен кәсіпқойлығына қатысты қатаң айыптаған жазбасын жариялады. Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікке «тұрмысқа шығып, борщ пісіріп отырған дұрыс» деді. 

Осы аптаның басында Астанада рапид және блиц түрлерінен шахматтан жарыс басталды. Шараға әлем әйелдер құрамасы мен Қазақстан әйелдер құрамасы қатысып жатыр.

Блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваның менеджері әрі анасы Лиана Таңжарықова Instagram желісіндегі парақшасында Жансая мен Бибісараның топтық суретке түскен видеосын бөлісті. Бұл кезде қыздар қатарласып тұр әрі олардың көңіл-күй көтеріңкі.

Желі қолданушылары шахматшылар ақыры татуласқанын алға тартты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области обсудили вопросы профилактики и раннего выявления онкологических заболеваний

По инициативе Управления здравоохранения Алматинской области совместно с Фондом тюркоязычных журналистов и Алматинской региональной многопрофильной клиникой состоялся брифинг для...