Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Әскери прокуратура армиядағы өзіне қол жұмсау деректеріне қатысты пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

Сенатта өткен отырыс барысында бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Қазақстан армиясындағы өлім себептеріне қатысты статистиканы жария етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазиевтің есебіне сәйкес, 2020 жылдан бері 270 қазақстандық әскери қызметкер қаза тапқан. Оның ішінде 78 сарбаз – 2020 жылы, 96 – 2021 жылы, 85 – 2022 жылы. 2023 жылдың басынан бері 11 қорғаушымыз өмірден өтті. Сонымен қатар, жалпы өлім-жітімнің 36 пайызы аурудан, 24 пайызы жол-көлік оқиғасынан, 20 пайызы өз-өзіне қол жұмсау салдарынан болып отыр.

«Құқықтық статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018-2022 жылдары елімізде 17 631 суицид және 21 332 суицид әрекеті тіркелді. Яғни, 10 мың азаматқа 9 суицид және 11 әрекеттен келеді. Оның ішінде 86 суицид және 20 суицид әрекеті әскерде болған. Яғни, 10 000 әскери қызметкерге шаққанда алты суицид және бір суицид әрекеті. Демек, әскерде өз-өзіне қол жұмсау деректері жиі болады деген қоғамдық пікір ресми деректермен расталмайды», – деді Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...