Тоқаев жанар-жағармай бағасына қатысты ойын айтты

Танымал

Ел аузында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жанар-жағармай бағасына қатысты пікір білдіріп, одан түсетін қаржы мұнай-газ жобалары саласында игерілуі керек екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Жанар-жағармайдың бағасын көтеру мәселесіне де дәл осылай қараған жөн. Түскен қаржыны делдалдар, яғни алыпсатарлар иемденіп кетпеуі қажет. Оны жаңа мұнай-газ жобаларын жүзеге асыруға және мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға жұмсау керек.

Сондықтан Үкімет мұнай өнімдерінің бағасын қайта қарау кезінде мемлекетке төленетін салықты арттыру жөнінде қосымша шаралар қабылдауға тиіс.

Жалпы тариф саясаты бойынша Үкіметке тауарлар мен қызметтерді реттейтін «тұтынудың әлеуметтік нормасын» енгізу мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұл – халықаралық тәжірибе», – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтіп жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Каждый вызов — важен: в Алматинской области усиливается служба скорой медицинской помощи

В Алматинской области активно ведётся работа по модернизации службы скорой медицинской помощи. Сегодня в регионе круглосуточно работают 147 бригад...