Павлодарда кәрізден шала туған нәресте табылды

Танымал

Ел аузында

Павлодарда кәріз құдығынан шала туған нәресте табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ Telegram-арнасы мәліметінше, Павлодарда кәріз құбырынан шала туған ер баланың ұрығы табылған.

«20 сәуір сағат 18:15 шамасында Павлодар қаласындағы Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберістерінің бірінің жертөле үй-жайында кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған ер баланың ұрығы табылды. ҚР ҚК-ның 100-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15 жүлдегер марапатталады. Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив шығармалар байқауы биыл...