Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Интернет жоқ немесе нашар: қазақстандықтар үкіметке шағым түсіріп жатыр

Танымал

Ел аузында

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында жыл басынан бері Министрлер кабинетіне байланыс және ақпараттандыру мәселелері бойынша азаматтардан бес мыңға жуық шағым түскенін айтты. Шағымдардың едәуір бөлігі интернет пен байланыс жылдамдығының төмендігіне қатысты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұдан бөлек елді мекендерде, тіпті ірі қалаларда мобильді интернеттің жоқтығы немесе нашарлығы туралы көптеген шағым бар. Премьер-министрдің айтуынша, Астана мен Алматыда мұндай шағым көп.

«Адамдар байланыс пен интернеттің бар болуына ғана қанағаттанбайды. Біз бұл кезеңнен өттік. Бізге сапалы байланыс пен жоғары жылдамдықты Интернет қажет. Халық тарифтерді толық төлейді, сондықтан олардың талаптары толығымен орынды», – деді премьер-министр.

Сондай-ақ, министрлер кабинетінің басшысы кейінгі үш жылда салаға байланыс операторлары тарапынан инвестицияның 60 пайызға дерлік қысқарғанын айтты.

«Операторларға қымбат инфрақұрылымға инвестиция салғанша, анықталған заңбұзушылықтар үшін айыппұл төлеу оңайырақ. Бұл жағдайды түбегейлі өзгерту керек», – деді Әлихан Смайылов.

Үкімет «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасының көмегімен Интернет сапасын арттыруды жоспарлап отыр, оны жүзеге асыруға таяу бес жылда шамамен 560 миллиард теңге бөлуді көздеп отыр. Жобаның мақсаты – халық пен бизнесті кемінде 100 Мбит/с жоғары жылдамдықтағы Интернетпен қамтамасыз ету. Ұлттық жобаға сәйкес 2027 жылға қарай республикалық маңызы бар қалалардың 75 пайызы және облыс орталықтарының 60 пайызы 5G технологиясымен қамтамасыз етіледі.

Премьер-министр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұлттық жобаны тезірек пысықтап, Президент Әкімшілігіне ұсынуды тапсырды.

«Барлығын ұсақ-түйекке дейін ескеру, халықтың сұранысын ескеру қажет», – деді Смайылов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...