Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5.9 C
Nur-Sultan
13.4 C
Almaty
21.2 C
Shymkent

Шетелдікке тұрмысқа шыққаны үшін салық салу туралы ұсынысқа Министрлік пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Қазақстанда шетелдікке тұрмысқа шыққаны үшін қыздарға салық салу туралы бастама көтерген еді. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осы бастамаға пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шенеуніктің айтуынша, ол мұндай ұсынысты білмейді. Алайда ұсыныс түссе қарастырылады.

«Ұмытпасам, кейбір елдерде бұл (шетелдіктермен некеге тұру салығы – еск.) тәжірибеден өткізіліп жатыр. Сондықтан зерттейміз, мұндай ұсыныс түссе қарастырамыз. Бірақ бұл әлі талқыланбады», – деп жауап берді Жамаубаев.

Айта кетейік, шетелдіктермен некеге тұрған қыздарға салық салу туралы бастаманы Қарақат Әбден былтыр 11 қарашада Президенттікке кандидаттардың телевизиялық пікірталасы кезінде ұсынған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Госкорпорация внедрила сервис по доставке готовых документов

Государственная корпорация «Правительство для граждан» внедрила в работу центров обслуживания населения услугу доставки готовых документов на указанный адрес. Сервис реализован...