ҚР ІІМ ҚАЖ департаментіне қарасты №15 мекемесінде Х.Досмухамедов атындағы АГУ-нен тәжірибеден өтуге жолданған психология бөлімінің студенттерімен мекемедегі сотталғандардың тәрбие және психология бөлімімен бірлескен шара ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: сотталған азаматтарды жан-жақты танып, зерттеу арқылы кемшілік тұстарын анықтап, дұрыс бағыт-бағдар беру.
Шара барысында, алдымен танысу сәті өтті. Кейіннен, «арт-терапиясы өткізілді.
Яғни, сотталған азаматтарға өз ойларымен әлемдегі жоқ жануарды бейнелеу, олардың қандай заттармен қоректенетінін және оларға сипаттама беру туралы тапсырма берілді.
Арт терапияның мақсаты – сотталған азаматтар өз бойларындағы кемшіліктерін айқындап, оны жою үшін қалай күресу керектігін анықтау. Бейнеленген суреттерді талдау арқылы сотталғандар өз ойларын айтып, толық талқыға салынды.Талқылау соңында психологтар
Сонымен қатар, сотталған азаматтардың көңілін көтеріп, сергіту мақсатында бірнеше ойындар ойнатылды. Атап айтқанда – «Қолтырауын», «Телефон», «Мисс Марвэл» ойындары. Ойын барысында сотталған азаматтардың көңіл-күйлері жоғары дәрежеде болып, шынайы эмоцияларын көрсете білді.
Сотталған азаматтарды тек тренинг, ойынмен шектемей, дүние танымын арттыру мақсатында- әр мемлекеттің туын көрсету арқылы сол елдің астанасын, валютасын, мемлекеттік тілі қандай екені туралы сұрақтар қойылды.
Жазасын өтеушілер қойылған сұрақтарға толықтай дұрыс жауап беру арқылы, өздерінің дүние танымдары жоғары деңгейде екендігін дәлелдеді.
Шара соңында сотталған азаматтар мекемеден тәжірибе алмасушы А.Букенова мен А.Елемесоваға алғыстарын айтып, алдағы уақытта жақсы психолог маман болатындарына сенімдерін білдірді.
Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №15 мекемесінің аға инспектор психологы әділет майоры Ш.Ы.Максимова өз кезегінде сөз алып, шараның жоғары деңгейде өткенін айтып, тәжірибеден өтуші психологтар мен сотталған азаматтарға тренингке белсенді қатынасқандары үшін алғысын білдірді.
№15 мекемесінде психологпен арнайы шара ұйымдастырылды
Танымал
Ел аузында
Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.
Сайт әкімшілігі