Бірлік күні атап өтілді

Танымал

Ел аузында

Атырау облысы бойынша ҚАЖ   департаментіне қарасты №75 мекемесінің шаруашылық қызметіне қалдырылған жаза өтеушілері 1-мамыр Қазақстан бірлігі күнін атап өтті.

Шара әнұранмен басталып, жазасын өтеушілерге бұл күннің маңызы туралы арнайы баяндама жасалды. Атап өтер жайт, елімізде жүзден астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында бір атаның баласындай тату тәтті тұрып келеді. Сол бір ынтымақтастық, еліміздегі барша ұлттың тілегі мен ниетін аңғартатын бұл күннің маңызы зор. Сондықтан шара барысында мерекенің осындай артықшылығы мен ерекшелігі атап өтілді.

Жалпы мекемемізде мұндай шаралардың ешқайсысы атаусыз қалдырылған емес. Сондықтан жазасын өтеушілер де елімізде атап өтілетін мерекелерге өздерінің оң ықыласын танытып отырады. Бұл шараның да олардың ойынан шыққанын аңғардық.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...