Мамыр мерекелерінде қазақстандықтар қалай демалады

Танымал

Ел аузында

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтіп тұр.

Алдағы дүйсенбіде Қазақстанда Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі. Осыған байланысты қазақстандықтар бір күн демалады, деп хабарлайды «Электрондық үкіметтің» ресми сайты.
 

Ресми мерекелік күнтізбеге сәйкес, республика тұрғындары үш күн – сенбі, 29 сәуірден 1 мамыр, дүйсенбіге дейін демалады. Бұл ретте тек дүйсенбі, 1 мамыр ғана мерекелік демалыс, ал сенбі және жексенбі күндері әдеттегідей демалыс күндері болып табылады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі, 29 сәуір жұмыс күні болмақ.

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтіп тұр. Осы мерекелердің құрметіне елімізде 4 күн қатарынан – 6 мамыр сенбіден 9 мамырға дейін демалыс. Бірінші жұмыс күні – сәрсенбі, 10 мамыр. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Диуани Хикмет» жаңа басылымы жарық көрді

Түркі-ислам руханиятының ең құнды жәдігерлерінің бірі саналатын Диуани Хикмет кітабы Түркияда жаңа ғылыми басылым ретінде жарық көрді. Жинақты дайындаған...