Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-2.7 C
Shymkent

Бүгін ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

Күндіз еліміздің батысында бұршақ жауады.

«Қазгидромет» РМК 12 мамырда ел өңірлерінде қалыптасатын күн райына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Күндіз еліміздің батысында бұршақ жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман болжанады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының солтүстігінде, Қостанай облысының шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі болжанады», – делінген синоптиктер мәліметінде.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қазақстандық стартап Stanford University жанындағы жабық акселераторға қабылданды

Қазақстандық TrustMe IT-компаниясы Stanford University жанында жұмыс істейтін әлемдегі ең жабық әрі селективті акселераторлардың бірі - StartX бағдарламасына қабылданды....