Павлодарда әйел нәрестесін ұрып өлтірді

Танымал

Ел аузында

Әйел қатты ашуланып, сәбидің маңдайына және басының артқы жағынан екі рет соққы жасаған.

Павлодарда ұлын тыныштандырмақ болған әйел оны өлтіріп қойған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Әйелдің кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сараптама қорытындысымен және куәгерлердің айғақтарымен дәлелденді.

№2 соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, 2022 жылдың 28 қазанында облыс орталығының тұрғыны жаңа туған ұлын тыныштандырғысы келіп, оны еденге жатқызған.

«Осыдан кейін ол қатты ашуланып, сәбидің маңдайына және басының артқы жағынан екі рет соққы жасаған. Бала қатты соққыдан жабық бас ми жарақатын алған. Алған дене жарақатынан жаңа туған нәрес қайтыс болды», – деді №2 сотта.

Әйел баласының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірмегенін айтып, кінәсін мойындамады. Әрі соттан өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR одним из первых получил доступ к Android 17 Beta 3 для разработчиков

Международная технологическая компания HONOR объявила, что флагманский смартфон HONOR Magic8 Pro вошел в число первых устройств в индустрии, поддерживающих...