Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Түркістан облысында 8000-нан астам шетелдік көлікке қазақстандық нөмір берілді

Танымал

Ел аузында

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Жолдауында, ағымдағы жылдың 1-қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетел автокөліктерін біржолғы заңдастыру туралы жариялады. Бүгінде мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан облысының полицейлері жүйелі жұмыс атқаруда.
Мәселен Түркістан облысында 3 Мамандандырылған ХҚКО-да (Түркістан қаласында, Сарыағаш қаласында, Сайрам ауданы Ақсукент елді мекені) шетел көліктерін заңдастыруға болады.
Қазіргі таңда облыс бойынша шетел көліктерін заңдастыруға 14306 азамат өтініш білдірді. Оның ішінде 8165 азамат шетелдік көліктерін тіркеп, қазақстандық нөмір алды (7365 Ресейде, 704 Арменияда, 75 Қырғызстанда, 15 Грузияда, 4 Оңтүстік Кореяда, 1 Латвиядан алып келінген көліктер).
1918 автокөлік иесіне көлікті тіркеуден бас тартылды. Алайда бұл азаматтар шектеулерді жойып, қайта тіркеуге құжаттарын ұсына алады.
Айта кетсек, ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы №13 қаулысына сәйкес заңдастыруға басқа мемлекеттің құзыретті органында бұрынғы тіркелген жері бойынша мемлекеттік есептен шығарылмаған, іздеуде жүрген, кедендік тазартудан өтпеген, сондай-ақ 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін алып келінген автомобильдер жатпайды.
Тіркелуге жататын автокөліктерге шыққан жылына және экологиялық класы бойынша талаптар қойылмайды. Басқаруы оң жақта болған көліктер де заңдастыруға жатады.
Бастапқы төлем тіркеу үшін 200 мың теңгені құрайды. Қалған төлемдерге техпаспорт пен мемлекеттік нөмір үшін 13 171 теңге төлеу қажет. (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік нөмір мен техпаспорт үшін төлем сомасы АЕК-ке байланысты өзгереді).
Заңдастыру келесі тәртіппен жүзеге асырылады: азаматтар өтініштерін электрондық үкімет порталы арқылы немесе арнайы ХҚКО-ға тікелей барып өтініш жасау арқылы беруге болады. Ұсынылған құжаттар мен көлік құралын іздестіру базалары бойынша тексерістен өтеді.
Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне Қазақстандық техпаспорт және мемлекеттік нөмір беріледі. Заңдастырудан өтпеген көліктерді елден шығару немесе бөлшектеп сату қажет.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошел финальный этап конкурса молодых дизайнеров

В Алматы прошел финальный этап конкурса молодых дизайнеров, организованного в рамках молодежного проекта «Activity Boom». Конкурс стал значимым событием,...