Атырау облысында жол апатынан полиция қызметкері мерт болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол апаты кеше сағат 5-тің шамасында болған.
«Кеше «Атырау-Орал» бағытындағы жолда Тoyota Ipsum алдымен сиырға, кейін Lada Priora көлігіне соқтығысқан. Салдарынан Lada Priora көлігінің рульінде болған полиция қызметкері көз жұмды. Ол Махамбет аудандық полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істеген еді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған жол апатына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.