Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

27 C
Nur-Sultan
26.7 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Тоқаев заңсыз митингтерге байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

Танымал

Ел аузында

«Біз «Бейбіт жиналыстар туралы» заң қабылдадық. Кім не десе де, бұл – демократияны дамыту жолындағы маңызды қадам. Бейбіт жиналыстар мен демонстрацияларға ешкім де кедергі келтірмейді. Заңда барлығы жазылған. Наразылық акцияларына шықпас бұрын ресми түрде рұқсат алу қажет. Бұл жиналыстар, демонстрациялар хабарландыру режимінде де өткізіле алады. Дегенмен осындай болмашы талапты кейбір азаматтар бұзуға болады деп есептейді. Осындай әрекеттерге құқықтық баға берілетінін ескертемін. Бас прокуртураның міндеті – азаматтарымызға осы заңды түсіндіруді жалғастыру, ал барлық құқық қорғау органдарының міндеті қоғамдық тәртіпті, заңнамамызға сәйкес қолдау», – деді мемлекет басшысы.

Бұған қоса, президент көп балалы аналардың наразылық шараларын жиі ұйымдастыратын сөз етті. 

«Шын мәнінде, ана дегеніміз – отбасының ұйытқысы, ананың орны ерекше. Оны бәріміз де білеміз. Сондықтан біз қоғамда анаға деген құрметті өте жоғары қоюымыз керек. Сонымен қатар аналар да қоғам алдында өз жауапкершілігін терең сезінуі керек. Кейбір көп балалы аналарымыз заңсыз ерулерге шығып, айқай-шу көтеріп, қоғамдық тәртіпті бұзып отыр», – деді Тоқаев.

Декекөзstan.kz

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...