Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Тоқаев Қытаймен бірлескен азық-түлік хабын құруды ұсынды

Танымал

Ел аузында

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қорғас» халықаралық сауда орталығының базасында Қытаймен бірлескен азық-түлік хабын құруды ұсынды, – деп хабарлайды Ақорда.

«Қазір жаһандық азық-түлік нарығы жиі құбылып тұр. Сондықтан біз осы саладағы ынтымақтастықты нығайта түскеніміз жөн. Қазақстан агроөнеркәсіп өнімдерінің экспортын арттыруға және оның түрін көбейтуге мүдделі. Еліміз бидай және ұн өндіретін әлемдегі ең ірі он елдің қатарына кіреді. Жыл сайын 5 миллион тоннадан астам бидай мен 1,5 миллион тонна ұн экспорттаймыз. Шаруаларымыз сыртқа шығарылатын дәнді және майлы дақылдардың көлемін арттыруға дайын. Олар экологиялық жағынан таза әрі жоғары сұрыпты ет пен органикалық өнімдерді де көптеп жеткізе алады. Есесіне, бау-бақша өнімдері мен азық-түлік тауарларын тұрақты сатып алуға мүдделіміз», – деді Президент.

Президенттің айтуынша, біз мемлекеттеріміздің аграрлық әлеуетін тиімді пайдалануымыз керек.

«Сонда елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін айтарлықтай нығайтамыз. Бұл қадам бәріміздің мүддемізге сай келеді. Осы ретте мен «Қорғас» халықаралық сауда орталығында Бірлескен азық-түлік хабын құруды ұсынамын. Агроөнеркәсіп саласында цифрлық және «жасыл» технологияларды енгізу мәселесіне баса мән берген жөн. Бұл істе қытайлық серіктестеріміздің тәжірибесі мен мүмкіндігі аса қажет», – деді Тоқаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошел финальный этап конкурса молодых дизайнеров

В Алматы прошел финальный этап конкурса молодых дизайнеров, организованного в рамках молодежного проекта «Activity Boom». Конкурс стал значимым событием,...