Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

35.7 C
Nur-Sultan
30.2 C
Almaty
38 C
Shymkent

Түркістан қаласының полицейлері жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаудың жолын кесуге бағытталған шараларды жалғастыруда

Танымал

Ел аузында


Түркістан қалалық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімі патрульдік полицейлері жанар-жағармайды елден тыс жерлерге заңсыз тарату деректеріне жол бермеуге бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізуде.
Тәртіп сақшылары тексеру кезінде, тиісті рұқсатсыз қосымша жанар-жағармай бактарын орнату арқылы көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзушыларды анықтауға, сондай-ақ жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына баса назар аударуда.
Рейд барысында тәртіп сақшылары рұқсатсыз қосымша жанармай бактары орнатылған екі жүк көлігін анықтады. Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігімен «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Патрульдік полиция батальонының взвод командирі Қайрат Қалманов : «2023 жылғы 15-20 мамыр аралығында Түркістан облысының аумағында жанар-жағармайды заңсыз тасымалдау жайттарын анықтау бойынша рейд жүргізілуде. Егерде автокөліктерде қосымша бактар анықталса, заңға сәйкес тиісті шара көрілетінін болады»-деп ескертті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп түлектері ерекше шарамен үлгі көрсетті

Адамзаттың рухани байлығы мен мәдени жетістіктері көп жағдайда ұлы тұлғалардың еңбектерімен өлшенеді. Сол ұлы тұлғалардың бірі – қазақ халқының...