Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Жоғалған имам 8 айдан кейін Австриядан табылды

Танымал

Ел аузында

Ол үйінен 2022 жылдың 9 қыркүйегінде шетелге жұмыс істеуге кеткен.

Осыған дейін Алматы облысының экс-бас имамы болған Нұржан Манапбаевты әйелі Айсұлу Сайлаубекқызы таппай жүргені айтылған. Шетелге жұмысқа кеткен ол 8 айдан кейін Австрияда табылды. Экс-имамның отбасымен қауышуына «Көреміз» бағдарламасының редакциясы себепкер болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Нұржан Манапбаев үйінен 2022 жылдың 9 қыркүйегінде шетелге жұмыс істеуге кеткен. Алғашында отбасымен күнделікті сөйлесіп тұрғанымен, 6 желтоқсаннан кейін байланыс үзіліп қалған. 

Ол дін саласындағы қызметінен босаған соң, түрік фирмаларында еңбек еткен. Сол компаниялардың бірі шетелге жұмысқа баратынын айтқан. Жалақысы айына 2,5 миллион теңге болатынын жеткізді. Әйеліне Түркияға ұшамын деген. Бірақ Манапбаев алдымен Алматыдан Астанаға, сосын Әбу-Дәбиге ұшқан.

«Біріккен Араб Әмірліктеріне баратанымды әуел баста білген жоқпын. Ұшаққа отырар алдында ғана билетімізді ұстатқанда айтты», –  дейді ол.

Сосын Әбу-Дабиден Түркияға барған. Сол жерде 2,5 ай болған. Түрік тілінен ағылшын тіліне аудармамен айналысқан. Кейін Австрияға жіберген. Құрылыста жұмыс істеген. 

«Қара жұмыспен айналыстық. Бір мүмкіндік болса, елге қайтуды ойладым. Бригадирлердің де мазасын алып, аванс сұрай бердім. Берген аванстарын жинайтын болдым», –  дейді Нұржан Манапбаев.

Әйелі Айсұлудың айтуынша, экс-имамды жұмысқа шақырған компания басшысы кетем деген кезде бопсалап қорқытқан. Егер қашатын болса, барлық ақшаны мойнына ілетінін айтқан. Ал Нұржанның өзі есімін айтпады. Тек «өз қателігім, сенгенім» деп шектелді.

Құрлыс басынан қашып шығуына сығандардың келуі себеп болған. Жұмысқа жаңадан сығандар тартылған. Олардың аяқтарына киетін резеңке етіктері жетіспей, Нұржанды жіберген. Құжатын қолына ұстатқан соң, миграцияға барған. Сөйтіп, миграцияға жеткенде Қазақстаннан іздеп жатқанын айтқан. Ең соңында Австриядан Грузия арқылы елге оралады.

Айта  кетейік, Нұржан Манапбаев – заңгер, тарихшы.1984 жылы Алматы облысында келген. Ағылшын, түрік, араб тілдерін жетік меңгерген. Қарасай батыр мешітінің бас имамы, Павлодардағы облыстық мешіттің наиб имамы, Алматы облысының өкіл имамы болған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...