Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

«Әкем – күзетші, анам – жұмыссыз». Депутат Дәулет Мұқаев ата-анасы жайлы айтты

Танымал

Ел аузында

Депутат Дәулет Мұқаев «Менің өмірім» бағдарламасында өзінің жалақысы жайлы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат Дәулет Мұқаев өзінің жалақысы жайлы айтты.

«Мен 720-740 мың төңірегінде аламын. Бұл біреуге әрине өте көп болып көрінеді. Бірақ мысалы, шетелге кетіп қалып, ыдыс жусаң да, күзетші болсаң да, ол жақта 5 мың доллар аласың. Достарым «мынадай пікірлерді оқып, қалай шыдап отырсың» дейді, «бұл қызмет, шыдау керек» деймін», – деді ол. 

Сондай-ақ ол ата-анасының кім болып жұмыс істейтінін айтты.

«Әкем – күзетші, 90 мың теңге алады. Балабақшада күзетші қызметінде жасайды, бұл намыстанып жасыратындай нәрсе емес. Себебі әр адамның өзінің тағыдыры, жолы бар. Кейде пікірлерді оқып, әкем де «адамдар да қызық, сен 700 мың алып отырсың, мен 90 мың алып отырмын, анаң жұмыссыз» дейді. Менің анам медбике, бірақ қазір немерелерімен болсын деп үйде, ресми түрде жұмыссыз. Мен оларға көмектесіп тұрамын.

Ата-ана болғасын уайымдайды, кейде қан қысымы көтеріліп кетеді. Мен оларға оқымаңыздаршы деп айтамын. Үйрену керек, Саяси жолда болғасын әр адам сеннен бір мін іздеп тұрады. Жақсы жағыннан гөрі жаман бірдеңе көріп қалса, сол туралы көбірек таратуға тырысады. Бір жағынан ешкімге ренжуге болмайды. Бұл өмір», – деді депутат.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...