Алматыда бір ауданда уақытша ыстық су өшіріледі

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы бірқатар ғимаратта уақытша ыстық су өшіріледі, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12-29 маусым аралығында Наурызбай ауданының аумағында Жуалы – Райымбек – Алтын Орда – Медеубеков көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.

«Шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС теңгерімінде тұрған «Премьер» қазандығында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген «Алматы жылу жүйесі» хабарламасында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық жиын өтті. Департамент бастығының...