Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

“МЕДЕУГЕ” “АЗИЯ ДАУЫСЫ” ҚАЙТА ОРАЛАДЫ

Танымал

Ел аузында

2 шілде Алматыда биік таулы «Медеу» мұз айдынында«Азия дауысы» пикнигі ұйымдастырылды. Әсем таудың арасында 28-30 шілде күндері аты аңызға айналған «Азиядауысы» фестивалі жалғасын таппақ. «Азия дауысы» пикнигі шынайы серуенге негізделді. Атап айтатын болсақ, дәмді тағамдар, демеушілер тарапынан көптеген түрлі ойындар мен іс–шаралар (сыйлықтарымен), шеберлік сабақтары, шеберлердің ерекше безендірілген шатырлары, демалыс орындары және ең бастысы – әсем әуен. «Медеу» сахнасында таңның атысынан күннің батысына дейін Алматы қаласында өткен «Жас қанат-2023» жасорындаушылар байқауының қатысушылары мен жүлделіорын иегерлері өнер көрсетті. Қойылым арасында үлкен экраннан «Азия дауысы» фестивалінен бейнероликтер көрсетілді. Ұйымдастырушылар пикник қонақтарымен осыдан 30 жыл бұрын өнер көрсеткен жұлдыздарды ескеалды. Халық қосылып ән айтып, би биледі. Бұл – сағынышқа толы сәттер болды! Ал пикник кешін көпшіліктің сүйіктісіне айналған Молданазар, Садраддин және PLEBS тобы тамаша ән шашуларымен қорытындылады.

«Азия дауысы» пикнигі – жаңаша көзқараста қайтажалғасын табатын «Азия дауысы» фестивалінің тұсау кесері ретінде аталып өтті. Бұл туралы фестивальдің баспродюсері Арманжан Байтасов былай деді:

«Біз үшін пикник – өте маңызды оқиғалардың бірі. Жыл басында «Азия дауысы» фестиваліне дайындық барысында«Азия дауысы» халықаралық фестивалі қоғамдық қорының негізін қалаушы және президенті Ирина Ковыряко іс–шараның толық нұсқасын ойластырды. Соның біріАлматыға кері қайтаруымыз керек болған «Жас қанат» байқауы. Сонымен қатар Азия дауысының символына айналған күн басқан ерлердің бейнесі табылған Таңбалыдағы петроглифтерге саяхат еді. Бұлардың барлығы бір тізбектің буыны. «Азия дауысы» фестивалі мен байқауы20 жылға жуық уақыт өткізілмеді. Соңғы фестиваль 2004 жылы өтті. Арада ұзақ үзіліс болғандықтан, көп нәрсеұмытылып кетті. Сондықтан бәрін қайта қалпына келтіругетура келеді.

Осы тұста фестивальді бастапқыда жасауға атсалысқанМұрат Ирғалиев және Александр Пономаревпен қайта қарым–қатынас құрып, жұмысты жалғастырамыз. Бұл командамен 2004 жылы жұмыс істеген кезде iPhone, смартфон, iPad, тіпті 5G интернеті де болған жоқ. Яғни, бүгінгідей мүмкіндіктер болмады.

Біздің міндетіміз – бар қабілетімізді, мүмкіндігімізді, шығармашылығымызды біріктіре отырып, «Азия дауысын» заман талабына сай етіп дайындап шығу. Бұл – әрине, оңайемес. Біз барлық іс–шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырысамыз. Осы тұста, 28, 29 және 30 шілде Медеуде өтетін «Азия дауысы» фестивалі көрермен көңілінен шығу үшін бар күшімізді саламыз. Қазір барлықсәт пысықталуда. Мені ерекше қуанышқа бөлеген жайт – алматылықтар мен қала қонақтарының керемет достық көңілі болды. Ал бұл біз үшін маңызды жайт деп айтуғаболады. 28 шілдеде өтетін «Азия Дауысы» фестивалінің ашылу салтанаты керемет өтетініне сенімдімін.

Фестиваль бұл жолы өзгерістерге толы болмақ. Мәселен, биыл «Азия дауысы» байқауы болмайды. Біз әзірге старт-концерт жасап жатырмыз. Өйткені адамдар байқауға қатысуүшін алдымен Қазақстанда мәдениетті әрі қауіпсіз адамдар тұратынына көз жеткізіп, сенім білдіруі тиіс. Бұл – Азия Дауысының 2023 жылғы басты міндеті. Фестивальдіңбірінші күнінде тек қазақстандық өнерпаздар сахнағашығады. Бұл фестивальдің екінші күні өнер көрсететінBlack Eyed Peas тобының концертінен де шулы болыпөтетініне сенімдімін. Ал «Азия дауысының» үшінші күніаты аңызға айналған әншілер мен топтарға арналады. Себебі аталмыш күні «Ялла», Юлдуз Усманова, SecretService өнер көрсетеді. Бірақ жұлдыздар тізімі бұныменаяқталмайды. Ол үшін хабарламалармызды бақылап отырыңыз!

Айтпақшы, «Азия дауысы – 2023» фестивалінің бас серіктесі әрі бірлескен ұйымдастырушысы Halyk Bankболды. Бұл кездейсоқ емес. Себебі биыл Halyk Bank өзініңғасырлық мерейтойын атап өтеді. Осы оқиғаға байланысты«100 игі іс» ауқымды акциясын өткізбек. Оның аясындабүкіл ел бойынша әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік маңызды бастамалар жүзеге асып жатыр. «Азия дауысы» фестивалі осы жобалардың маңызды бөлігі болмақ. Өйткені фестиваль Halyk Bank демеушілігімен өтеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...