Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

27.4 C
Nur-Sultan
19.1 C
Almaty
29.9 C
Shymkent

Атыраудағы әрқайсысы 7,5 миллион теңгеге қойылған қоғамдық әжетханалар әлі күнге дейін жұмыс істемей тұр

Танымал

Ел аузында

Орнатылғанына 1 жыл өткен әжетханалардың қазір күйі қашқан, деп хабарлайды Алматы арнасы. Тұтқасы сынып, қабырғасы тілінген. Ал жауаптылар бұл нысандар арнайы мекеменің қарауында дейді.  

«Атырау қаласында 6 қоғамдық әжетхана жұмыс жасап тұр. Атап өтсек, олар Махамбет-Исатай алаңында, Жайық жағалауы бойында, Қ.Смағұлов аллеясында, Жастар саябағында, Жеңіс саябағында, Авангард мөлтек ауданының соңғы аялдамасы маңында орналасқан. Соңғы атап өткен аялдама сенімгерлік басқаруға берілген. Ал қалған бесеуі арнайы автобаза мекемесімен тазалық жұмыстары жүргізіліп, керекті заттармен жабдықталуда. Өзінің жұмыс уақытында ашық тұрады», – деді қалалық Тұрғын-үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің бас маманы Данияр Ғарифолла.

Аталған 6 әжетхананың жалпы құны 40 миллион теңгеден асады. Жауаптылар өз кезегінде қазынадан қыруар қаржыға қойылған қоғамдық әжетхана жуық арада пайдалануға беріледі деп отыр.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мамырда қазақстандықтар Яндекс Плюс арқылы не көрді, не тыңдады және не оқыды? Маусымның жаңалықтары

Мамыр — ауа райы әлі жаздағыдай ыстық емес, алайда қандай да бір жеңілдік, шытырман оқиғалар мен шабыт керек кез....