Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Жазушы Софы Сматаев көмек сұрады

Танымал

Ел аузында

Белгілі жазушы Софы Сматаев әлеуметтік желіге жазба қалдырып, көмек сұрады. 

«Сәлем достар! Менің екі қабат үйімнің бір қабатында сіресіп қалаулы тұрған 20250 (810 комплект) кітабымды марқұм Шахминам: “Оқырмандарыңа арзандатып жөнелтсеңші. Аяқ алып жүре алмаймыз” деп кейитін.

Кітаптарыма сұраныс беруін өтініп барлық облыс әкімдеріне хат жазып жібергем. Хатым әкімдердің қолына тимей, мәдениет басқармасындағылардың: “1 не 2 комплектісін алып қалармыз. Жауабымызға келіспеген жағдайда бізді сотқа беруге қүқыңыз бар” дейтін “отпискамен” өзіме оралды.
Ендігі бар мүмкіндік сіздерге ғана тіреліп тұр, достар. 
Бірақ…
Бір айдан астам уақыт ішінде әлгі 20250 кітаптың 9 (тоғыз!) топтамасын (Алматы-4, басқа қаладағылар -5) алды.  20250 яғни 801 топтамам мұрты да бұзылмай үйіліп, үйелеп жатыр.
Сіздер 15 мыңды ауырсынсаңыздар 12 мыңнан берейін. Басқа қаладағылар 12 мың + 1 (поштаға) = 13 мың төлейді.
Менің қазіргі қарызым 5 миллион теңгенің үстінде. Неге қарызданғанымды сезетін шығарсыздар. 
Соны өтеудің бірден бір жолы – кітаптарымның тезірек өтуі.
Сіздерге, достар, құлаққағыс етуден де шаршадым. Сіздер де менен жалыққан боларсыздар. Шарасыз күйдің шырылдатуы ғой менікі», – деді жазушы Софы Сматаев. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...