Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

«Мені бопсалап, қорқытып жатыр»: Туған әкесі зорлаған 15 жастағы қыздың анасы жағдайдың шын мәнінде қалай болғанын айтты

Танымал

Ел аузында

Жақында Алматы облысында кәмелетке толмаған қыз жылдар бойы өгей әкелері тарапынан зорлыққа ұшырап келеді деген ақпарат тараған еді. Оқиғаның ортасында “кінәлі” болып қалған қыздың анасы жағдайдың шын мәнінде қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Время газетінің мәліметінше, дүрбелең тудырған құқық қорғаушылар еді. Қыздың анасы шын мәнінде жағдайдың басқаша болғанын айтқан.

Олардың қыз бес жасынан бастап зорлық-зомбылыққа ұшыраған деген ақпарат таратты. Бастапқыда бұл бір өгей әкесі болды, содан кейін ол 9 жасқа толғанда – екіншісі, 11 жасында үшіншісі болған. Оның үстіне құқық қорғаушылар қыздың Алматыға келгенде зорланғанын айтқан. Құқық қорғаушылар қыздың бұл қылмыстардың барлығы анасының келісімімен жасалғанын айтты деп ақпарат таратқан. 

“Менің қызым 2006 жылы туған. Бір жасқа келген күйеуім екеуіміз айырылысып кеттік. Мінезіміз сәйкес келмеді. Солай мен ауылыма оралдым”, – дейді ол. 

Қызы өзінің ғана емес атасы мен апасының да көз қуанышына айналған. Отбасында жалғыз баланы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген. Өсе келе қызы туған әкесін сұрай бастаған.

Журналист Сандуғаш Дүйсенова қыздың анасы мен ауылдастарымен сөйлесіп оқиғаға қатысты бірқатар жайттарды анықтаған.

Қызы әкесін әлеуметтік желіден тауып алып, екеуі Талдықорғанда кездескен. Ол уақытта қыздың жасы 14-ке келген. 

“Ол әкесінің үйіне жиі баратын болды. Әкесі оған сыйлықтар жасап, 9-сынып бітірген соң өзінің үйіне көшіп алуға көндірді. Ол кішкентай еді, үлкен өмірге дайын емес еді. Кішкене өсіп, мектеп бітіріп алсын дедім. Содан соң ол педагогикалық колледжге түсті. Осы үшін екеуміз ұрсыстық. Грантқа түстім деп айтты. Осылайша әкесімен бірге тұруға кетіп қалды”, – дейді ол.

12 қыркүйекте ол қызын Алматыға алып кетті. Мен бұрынғы күйеуімнен оған қамқорлық жасауын өтіндім.

“Осылай жасайды деп ойлаған жоқпын. Сол күндері мен қызыма қоңырау шалдым, бірақ ол телефонды алмады. Мазасызданып, артынан кеттім”, – дейді әйел.

Айтуынша, қызы “Не молчи” қорына әкесінен зорлық көріп жатырмын деп хабарласқан.

“Келіп едім, қордың қызметкерлері жан-жақтан маған атылды. Балаға сенімхат жазып беруін сұрады. Есімді шығарып жіберді. Бала үшін осылай дұрыс болады деді. Есімді жиған соң сенімхатты кері алдырттым. Енді қордағы Татьяна есімді әйел мені бопсалап, қорқытып жатыр. Сізді түрменің ар жақына жіберу үшін бәрін істейміз дейді. Бәрібір біздің айтқанымыз болады деді. Бізбен келісімге келмеген соң сізге қарсы шығамыз”, – дейді Гүлмира Нүсіпжанова. 

Айтуынша, қызына осы қорда жұмыс істейтін волонтерлардың сөзі жүреді, себебі олармен бұрыннан бері достық қарым-қатынаста.

“Бес күн бойы қорда қызым тұрған уақытта барлық сараптаманы менің рұқсатымсыз жасаған. Ешқандай өгей әкелер тарапынан зорлық болған жоқ. 15 жылда үш рет ғана жазалағанмын”, – дейді қыздың анасы.

Көршілер бұл ауыр айыптаулар туралы естігенде, шошып кеткенін жасырмайды.

“Мұндай сандырақты таратып жүрген кім?! Өмір бойы қызын асырау үшін жұмыс істеп келе жатыр. Жазда да, қыста да тыным жоқ. Қатарынан қалмасын деп бар жақсыны алып берді. Енді қараңыз!”, – дейді Виктор Новиков. 

Тағы бір көршісі Александр Чернов полицияға баратынын және барлық ауыл тұрғындарын өзімен бірге шақыратынын айтты.

“Ешкімге ренжітуге жол бермеймін. Ол үшін кез келге адамның басын аламын. Қызын туғаннан кейін ғана бақыттың не екенін түсінді ғой. Енді мынадай ақпарат тарап жатыр”, – дейді Чернов.

“Өгей әкесі нес? Ол тұрмысқа да шықпаған. Ауылына қайтқан соң, сол жерде әке-шешесі қайтыс болғанға дейін тұрды. Өмір бойы жұмыс істеуден босаған емес. Мұндай жалған ақпаратты таратқан адамдар жазалануы тиіс”, – дейді Юлия Волкова.

Белгілі болғандай, қыздың туған әкесі педофилия үшін сотталып, 10 жыл түрмеде отырып шыққан. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...