Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-7.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Өрт кезінде қаза тапқан орманшылардың отбасына қанша теңгеден беріледі?

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан орман күзеті қызметкерлерінің отбасына ақшалай төлемдер беріледі, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігу (жарақат, контузия) салдарынан қаза тапқан мемлекеттік орман күзеті қызметкерінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлем жасау қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы қаулының жобасын ұсынды. Құжат 2023 жылғы 11 маусымда Абай облысындағы табиғи өртті жою жөніндегі жедел штаб отырысында Президенттің тапсырмасы негізінде әзірленгені айтылды.

Ережеге сәйкес, мемлекеттік орман күзеті қызметкерінің отбасы мүшелері, атап айтқанда олардың жұбайы, балалары, оның ішінде асырап алған балалары, өгей балалары, бірге тұратын өгей ұлдары мен кәмелетке толғанға дейінгі өгей қыздары төлемақы ала алады.

Төлемдерді алу үшін бірқатар құжат пен өтініш беру қажет: қызметкердің қайтыс болғаны туралы куәлік, некені немесе тууды тіркеу туралы куәлік және басқалар. Құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайтарылуға тиіс. Келіп түскен құжаттарды тексергеннен кейін уәкілетті орган жеке істі қалыптастырады, онда қаза тапқан адамның ақшалай қаражатының мөлшері туралы қаржы бөлімшесінің анықтамасы, қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің қаза болуының (қайтыс болуының) себептері мен мән-жайын қызметтік тексеру материалдары болуға тиіс.

Ақшалай төлемдерді тағайындау қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің өлімінің себебі мен оның қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жарақаты арасында тікелей себеп-салдарлық байланыс болған кезде жүргізіледі.

«Мемлекеттік орман күзетінің қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкерінің әрбір отбасы мүшесіне ақшалай төлем қаза тапқан қызметкердің соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражаттың 40 пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады. Бұл ретте отбасының барлық мүшелеріне төленетін ақшалай төлемдердің ең жоғары мөлшері ақшалай қаражаттың жүз пайызынан аспауға тиіс. Үш және одан да көп отбасы мүшелері болған жағдайда, әрқайсына ақшалай төлемдердің мөлшері ақшалай қаражаттың 100 пайызының тең үлесі ретінде есептеледі», – делінген құжат жобасында.

Еске сала кетейік, маусымда Абай облысында орман өртін сөндіру кезінде 14 орман күзеті қызметкері мен орман өртсөндірушісі қаза тапқан болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...