Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

«Ұлт мұрасы – руханият өзегі» атты көрменің ашылу салтанаты өтті

Танымал

Ел аузында

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай 2023 жылдың 25 тамызы күні «Ұлт мұрасы – руханият өзегі» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Көрменің мақсаты – мәдени құндылықтарды халық игілігіне қайтару бойынша құқық қорғау органдары мен музей тарапы атқарған жұмыс нәтижелерімен қала тұрғындары мен қонақтарын таныстыру.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мен Экономикалық тергеу департаменті тарапынан мемлекет кірісіне тәркілеген тарихи-мәдени, көркемдік маңызы бар заттар, бейнелеу өнері туындылары мен антикварлық бұйымдар, діни мазмұндағы кітаптар мен сәндік-қолданбалы өнер туындылары алғаш рет қойылды.

Шараның ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік орталық муейінің директоры Рашида Ерімқызы және Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бас маманы Абзал Есенғұлұлы арнайы сөз алып, жиналған қауымды Тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры Конституция күнімен құттықтады және қайтарылған құндылықтардың музей қоры үшін қаншалықты бағалы екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ мәдени құндылығы бар заттарды музей қорына өткізуге үлес қосқан Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Асқарұлы, Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бас маманы Абзал Есенғұлұлы және Экономикалық тергеу департаментінің подполковнигі, тергеуші Нұрлан Әнуарұлы мен аға тергеуші Гүлнар Самарбекқызы ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралұлының алғыс хатымен марапатталды.

Қыркүйектің 15-не дейін жалғасатын көрмеден келушілер Құран-Кәрімнің қолжазба үлгілерін, Інжіл (Евангелие), иврит және ағылшын тілдеріндегі дұғалықтарды тамашалай алады.

Көрермен назарына белгілі суретшілер Н.Г. Хлудовтың «Егіндікті суару», Ж. Шәрденовтың «Талтүс», «Таулар», «Кеш» А. Ғалымбаеваның «Натюрморт», И. Исабаевтың «Абай», С. Айтбаевтың «Жұмысшы», «Оралу», С. Калмыковтың «Аида», сынды шығармалары, сонымен қатар  XVII- XX ғғ. шетел және орыс бейнелеу өнері өкілдері Герард Дау, Л. Бурэ, Ф. Рубо, Р. Зоммер секілді суретшілерінің туындылары ұсынылды. Олардың қатарында голландтық кескіндеме өнерінің Алтын ғасыр шебері әрі Рембрандт ван Рейннің тұңғыш шәкірттерінің бірі Герард Даудың «Скрипкашы» картинасын ерекше атап өткен жөн. Сонымен қатар көрмеге «Forbes Kazakhstan» журналына жарияланған үздік ондықтағы бес суретшінің жұмысы да қойылды.

Келушілер назарына «гурда», «шамшир» «ятаган», «қанжар» сияқты суық қару үлгілері мен қорғаныс жарақтары  ұсынылды. Сондай-ақ қару-жарақ жасау ісінің шебері Матья Баркер шамамен 1774-1776 жж. Бирмингемде (Англия) жасап шығарған «Washington and Lee» қос тапаншасы келушілердің зор қызығушылығын тудырғаны сөзсіз.

Асыл тастар және бағалы металдармен көмкерілген Карл Фаберже зергерлік үйі туындыларының жауһарлары – ішінде тосын сыйы бар, гильоширлі суреттер және алмаздармен безендірілген пасха жұмыртқалары, бағалы әшекейлер сақтауға арналып табиғи нефриттен жасалған қобдиша да келушілердің ерекше назарын аударды.  

Өзгеше безендірілуімен, сипатының әсемдігі және жоғары орындаушылық шеберлігімен ерекшеленетін сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары да көрме экспозициясының көркін келтірді. Олардың қатарында ХІХ ғ. соңына жататын француздың камин сағаты, «окимоно» мүсіншелері, фарфор вазалар, шахмат жинақтары және т.б.  бар.

Музей қорына құқық қорғау органдарының тарапынан 360 зат өткізілген. Оның 100-ге жуығы әлемге әйгілі суретшілердің картиналары. Ал экспонаттардың жалпы  құны 360 млн теңгеден астам қаражатты құрайды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...