Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

«Дұрыс шешім деп есептеймін». Тамара Дүйсенова Астанаға келетін адамдарды шектеуге қатысты пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Астана қаласы әкімдігі елордаға келетін халықты шектейін деп отыр, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Бүгін Үкімет отырысының кулуарында премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға «Астанаға келетін адамдарды шектеуге қалай қарайсыз?» деген сұрақ қойылды.

Министрдің айтуынша, елордаға келетін адамдарды шектеу – халықаралық практика. Алайда ол нақты қай елдің тәжірибесіне сүйеніп, мұндай шешім қабылдағанын ашып айтып бере алмады.

«Мысалы әрбір елдің астаналарында адамдардың саны белгілі болады да, сол санға байланысты инфраструктура салынады. Қазір бұл мәселе дұрыс шығар деп тұрмын. Себебі мектеп, медицина саласы, жалпы әлеуметтік инфраструктура әлі толық даяр емес. Егер әлеуметтік инфраструктура дайын болса, содан кейін қажетті мүмкіндіктер болатын болса, әрине оны көбейтуге болады. Сондықтан да қазір Астана қаласындағы жалпы инфраструктураны есепке ала отырып, бүгінгі таңда дұрыс шешім деп есептеймін», – деді министр.

Тамара Қасымқызының айтуынша, қазір бір үйде әлеуметтік жағдайы нашар 5-6 отбасы тұрып жатыр. Сондықтан ол барлық отбасыны бір жерде ұстауға болмайтынын ескертті.

Серік Құдайбергенұлы

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...